Қызылордадағы дала өрті ғарыштан бақыланатын болды

115

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 8 өрт оқиғасы тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордадағы дала өрті ғарыштан бақыланатын болды Фото: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, былтыр да Жаңақорған, Шиелі, Сырдария және Қазалы аудандарында 8 өрт оқиғасы тіркелген болатын.

Жалпы, Қызылорда облысындағы 7 млн 300 мың гектар жер орман қорында. Оның 3 млн 800 мың гектары – тоғайлы алқаптарға жатады.

Мамандар климаттың құрғақ болуына байланысты дала өртінің пайда болуы, таралу қаупі аса жоғары екенін айтады.

"Мекеменің сайты арқылы департамент кезекшісі күнделікті космомониторинг жүргізеді. Космомониторинг кезінде анықталған белгілер бойынша координаттары нақтыланып, қауіп төнген елді мекеннің жергілікті атқарушы органдарынан ақпарат алынады", – делінген Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу