Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді – Президент

1269

Бүгін, 12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы датаны ескеріп, твиттердегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді – Президент

"Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді", – деп жазды Тоқаев.

Айта кетсек, Юрий Гагарин Жер орбитасын айналып қайтуға қазақ топырағынан аттанғаны белгілі. Бұл датаны атап өту Кеңес үкіметі кезінен, яғни 1962 жылдан басталды. Ал 2011 жылдың 7 наурызында БҰҰ Генерал Ассамблеясының арнайы пленарлы отырысында резолюция қабылданып, ресми түрде Әлемдік адамның ғарышқа ұшу куні деп аталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу