Қазақстан ғарышқа тағы бір адам аттандыруы мүмкін

323

Елімізде кезекті отандық ғарышкердің жаңа ұшу миссиясын жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.  

Қазақстан ғарышқа тағы бір адам аттандыруы мүмкін Фото: liter.kz

Бұл туралы Ресейде өткен ғарыш форумында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Комитет төрағасының айтуынша, Қазақстанда осы уақытқа дейін 5 ғылыми бағдарламаны орындап, бес рет ғарышқа ұшқан 3 ғарышкер болды. Қазіргі таңда Оралмағамбетов атап өткендей, қоғам да, мамандар да пилоттық космонавтикада елдің жаңа өкілі пайда болғанын күтіп отыр.

Шенеунік республикада болашақ ғарыш миссияларына негіз бола алатын ғылыми зерттеулердің басталып кеткенін хабарлады.

Атап айтқанда өткен жылы Қазақстанда төрт әйелден тұратын экипаждың арнайы капсулада ұзақ уақыт оқшаулануы бойынша жерүсті эксперименті басталды. Биыл мұндай тәжірибелерді жалғастырып, оның нәтижелерін кәсіби қауымдастыққа таныстыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Оралмағамбетов Ресей-Қазақстан бірлескен "Бәйтерек" жобасы аясында "Союз-5" зымыранын ұшу сынақтарынан өткізгеннен кейін, болашақта оны тек спутниктерді ұшыру үшін ғана емес, ғарышкерлерді аттандыру үшін де пайдалану мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу