Қазақстан газ экспортына қарағанда импортына көп ақша жұмсады

998

Қаңтарда жалғыз сатып алушы да, сатушы да Ресей болды.

Қазақстан газ экспортына қарағанда импортына көп ақша жұмсады

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан шетелге 18,4 млн долларға табиғи газ экспорттады, деп жазды inbusiness.kz.

Мұндағы нақты сату көлемі 891,6 млн текше метрді құрады. Осы кезеңде импорт 21,8 млн доллар 902,2 млн текше метрді құрады. Айта кететіні, Ресей жалғыз сатып алушы және сатушы болды.

Жалпы алғанда Қытай 2021 жылы қазақстандық газдың негізгі сатып алушысы еді. Бұл елге экспорттың 83%-ы дерлік келетін.  

"Ал қаңтар айының статистикасында шығыстағы көрші мемлекетпен ешқандай мәмілелер жасалмаған. Бірақ ақпан айында біз экспорттың артуын байқауымыз мүмкін. Себебі мұндай жағдай осыған дейін бірнеше рет болған. Мәселен, 2018 жылдың екінші жартысында", – деп жазылған Бірінші кредиттік бюроның зерттеуінде. 

Бюро таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қытайға газ экспортының төмендегенін статистикадан байқауға болады: 

 • 2019 жылы орташа айлық экспорт 619,4 млн текше метрді құрады (130,7 млн доллар);
 • 2020 жылы – 614,1 млн текше метр (117,4 млн доллар);
 • 2021 жылы – 536,4 млн текше метр (88,8 млн доллар). 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу