Қазақстан Газа секторынан азаматтарды эвакуациялауды бастады

319

Қазіргі таңда 44 азаматтың бірінші тобын эвакуациялау жоспарланып отыр. Оған 40 Қазақстан азаматы, төрт шетелдік және олардың отбасы мүшелері кіреді.

Қазақстан Газа секторынан азаматтарды эвакуациялауды бастады Фото: пресс-служба МИД РК

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әскери қақтығыс жалғасып жатқан Газа секторынан ел азаматтарын эвакуациялау басталғаны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында олар аймақтағы қазіргі жағдайды талқылады. Қазақстан Сыртқы істер министрі Газа секторындағы қақтығыстың өршуіне және ұрыс қимылдары басталған кездегі жағдайдың дамуына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның қазіргі қақтығысқа қатысты ұстанымын айтты. Біздің министр Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау еліміз үшін бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті", - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Палестина мәселесі бойынша Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысты. Саммит аясында, аймақтың негізгі қатысушыларымен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, олармен қауіпсіздік мәселелері және отандастарымыздың Газа секторынан ерте кетуі талқыланды. 

Осы келіссөздердің, сондай-ақ Қазақстанның Египеттегі, Иорданиядағы және Израильдегі елшіліктерінің үйлестірілген және нақты іс-әрекеттерінің арқасында біздің азаматтарымызды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталды.

44 азаматтың бірінші тобын эвакуациялау 13 қарашаға жоспарланған. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы, төрт шетелдік және олардың отбасы мүшелері кіреді.

Біздің елден басқа эвакуацияланғандардың арасында тағы тоғыз елдің өкілдері бар. Бұл Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланды, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің азаматтары.

"Бүгінде Рафах пункті арқылы 594 адамды эвакуациялау жоспарланып отыр, оның ішінде біздің 44 азамат бар. Өткізу пунктінен өткеннен кейін қазақстандықтар Каир қаласына құрлықпен жеткізіліп, қонақ үйге орналастырылады. Барлық құжаттары тексерілгеннен кейін олар Қазақстанға жіберіледі", - деп қосты Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу