Қазақстан географиядан әлемді тағы мойындатты: оқушылар 2 алтын алды

268

Қазақстандық оқушылар IGeO-2026 олимпиадасында командалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан географиядан әлемді тағы мойындатты: оқушылар 2 алтын алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен IGeO-2026 халықаралық география олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Қостанайдағы физика-математикалық бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Андрей Енбахтов алтын медальмен қатар, жеке есепте абсолютті чемпион атанды. Ол бұл жетістігін екінші жыл қатарынан қайталап отыр.

Жетісу облысындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Бекбол Дарын да алтын медаль иеленіп, жеке есепте тоғызыншы орынға шықты.

Ал Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушылары Амир Дарынов пен Алан Козленко күміс медальға қол жеткізді. Осылайша, Қазақстанның төрт спортшысы да олимпиада жүлдегері атанды.

Биылғы халықаралық дода 11-17 тамыз аралығында Ыстамбұлда ұйымдастырылып, оған 50 елден 184 оқушы қатысты.

Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы кезеңде отандық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.

Жалпы, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу