Қазақстан геологиялық барлауды дамыту үшін жаңа инфрақұрылым құрады

91

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан геологиялық барлауды дамыту үшін жаңа инфрақұрылым құрады Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдерін біріктірді.

Геологиялық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін геологиялық барлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

"Биыл – шын мәнінде, Қазақстан үшін тарихи жыл. Экономика мен қоғамның барлық саласын  одан әрі жаңғырту ісіне  тың серпін берген  жаңа Конституция қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда  еліміздің азаматтары  нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп,   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  ауқымды бастамаларына жаппай қолдауын білдірді.

Қазірден бастап мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға,  қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және адам капиталын дамытуға бағытталған Ата заңның нормаларын іске асыруға  біз айрықша көңіл бөліп отырмыз. Аталған өзгерістер  экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады,  соның ішінде геологиялық барлау саласы  отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жүйелі реформалар жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу