Бүгін Германия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай "Болашақты бірге жасаймыз: Германия мен Қазақстандағы білім беру" атты конференция өтті, деп хабарлайды baq.kz.
"Конференцияның мақсаты – герман-қазақстан ынтымақтастық салаларын нығайту және кеңейту. Конференция барысында Қазақстан мен Германия арасында білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық аспектілері талқыланды", – дейді ұйымдастырушылар.
Талқылау жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық; мектепте білім беру саласындағы саясат; кәсіптік білім беру; мәдениет және білім беру саласындағы саясат сынды төрт панельді сессиямен жүргізілді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сыртқы істер, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, Германия және Қазақстан білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.