Қазақстан Германияға 1,7 млн тонна мұнай экспорттайды

613

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов KAZENERGY форумында мәлімдеді.  

Қазақстан Германияға 1,7 млн тонна мұнай экспорттайды Фото: Korrespondent.net

2025 жылы Қазақстан Германияға "Достық" мұнай құбыры арқылы 1,7 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық компания басшысының айтуынша, келер жылы да Германияға одан кем емес қазақ мұнайы тасымалданады деген жоспар бар. 

"Қазақстан жыл аяғына дейін Германияға "Достық" мұнай құбыры арқылы 1,7 млн тонна мұнай жеткізеді", – деді еуразиялық KAZENERGY форумында сөз сөйлеген Хасенов.

Асхат Хасеновтің сөзінше, Қазақстан былтыр Германияға 1,5 млн тонна жеткізген. 2026 жылдың көлемі ресми түрде жарияланады, бірақ ол қазіргіден кем болмауы керек.

Мұнай мен газ өндіру – компанияның негізгі қызметі болып қала береді және ол елдің энергетикалық әрі экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ҚМГ ескі кен орындарында өндіру көлемін сақтап тұру үшін тың технологияларды енгізуде. Мұнай көлемін арттырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі бағдарлама әзірленді.

"Бүгінде біз мұнай-газ химиясы саласын да белсенді дамытып жатырмыз. Бұл бағыт қосылған құнды айтарлықтай ұлғайтуға және экспортты әртараптандыруға мүмкіндік беретін жаңа өсу нүктесіне айналды", – деді А.Хасенов.

Reuters мәліметінше, Германия 2024 жылы "Достық" құбыры арқылы Қазақстаннан 1,5 млн тонна мұнай сатып алған.

Жыл басында қазақ мұнайы тасылатын Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) жеті бірдей дрон шабуылдаған. Соның салдарынан Ресей аумағындағы бір мұнай айдау станциясы 2 ай істен шығып қалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу