Қазақстан Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізді

1184

Жыл басынан бері Германияға 200 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілді. Биыл наурызда "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.  

Қазақстан Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізді Фото: kaztransoil.kz

Биыл ақпанда "Қазтрансойл" АҚ Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы ақпанда "Адамова застава" мұнай жеткізу бекеті бағытында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға жеткізу үшін тасымалданған Қазақстан мұнай көлемі 100 мың тонна болды", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері Германияға 200 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілді. Биыл наурызда "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

"Биыл "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға жеткізу үшін "Транснефть" ЖАҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова Застава" мұнай жеткізу бекетіне 1,2 млн тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жіберуді жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр осы бағыт бойынша Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу үшін жалпы 993 мың тонна мұнай тасымалданды. Қарашығанақ кен орнынан Германияға мұнай экспорттау бағыты "Өзен-Атырау-Самара" магистральды мұнай құбырының 1150,3 шақырымында орналасқан "Үлкен Шаған" мұнай айдау стансасында "ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне "қара алтынды" қабылдаудан басталады.

Ресеймен шекарада орналасқан "Өзен-Атырау-Самара" магистральды мұнай құбырының 1 235-шақырымындағы қабылдау-жеткізу пунктінде "Транснефть" ЖАҚ мұнай құбыр жүйесіне жеткізіледі. "ҚазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-ның құбыр жүйесімен Ресей аумағы арқылы мұнайды "Унеча" мұнай жеткізу бекетіне дейін транзит арқылы тасымалдайды.

Келесі кезекте қазақстандық мұнай Беларусь аумағы арқылы "Гомельтранснефть Дружба" ААҚ құбыр жүйесі арқылы Польшадағы "Адамова Застава" мұнай жеткізу бекетіне айдалады және одан кейін Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына жөнелту үшін польшалық PERN компаниясына жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу