Қазақстан Германияға қажетті мұнай көлемін таба алмай қиналып жатыр - Bloomberg

1233

Bloomberg қазақстандық мұнайдың Германияға экспорты туралы мақала жариялады.  

Қазақстан Германияға қажетті мұнай көлемін таба алмай қиналып жатыр - Bloomberg Фото: mcc.kz

Онда біздің тарап Ресейдің "Дружба" құбыры арқылы Германияға жеткізілетін шикізаттың қажетті мөлшерін табуға тырысып жатқаны айтылады.

Мемлекеттік мұнай құбыры операторы "ҚазТрансОйл" компаниясының мәліметінше, осы тоқсанда 40 мың тонна қара алтын жөнелтілуі керек. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан 90 пайызға аз.

Алайда, "ақпан айының соңынан бері, Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне шамамен 100 мың баррельге төмендеген. Бұған Теңіз кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары себеп", - деп жазды басылым.

"Теңізшевройл" компаниясы техникалық қызмет көрсету үшін тағы бір өндірістік желі тоқтатылғанын, бұл тағы да өндірістің қысқаруына әкелгенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу