Қазақстан Германияға мұнай жеткізу үшін Ресеймен келісімге келмек

522

"Дружба" мұнай құбыры арқылы қазақстандық шикізатты жеткізу бойынша келісім туралы өтінім ресейлік "Транснефтьке" жолданды. 

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу үшін Ресеймен келісімге келмек Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан өзінің мұнайының бірінші партиясын 2023 жылдың қаңтарында Германияға жібермек. Шикізат алдымен "Атырау – Самара", кейін "Дружба" мұнай құбыры арқылы Еуропаға жеткізіледі деп жоспарлануда. Жеткізілім Ресей аумағы арқылы өтетіндіктен ресейлік "Транснефть" магистральдық мұнай құбырлары операторының рұқсаты қажет, сондықтан қазір Қазақстан бұл мәселені "Транснефтьпен" келісуде. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" қазақстандық ұлттық мұнай-газ компаниясынан хабарлады.

"Қазіргі уақытта Ресей тарапымен Германия бағытында "Дружба " мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізуді келісу мәселесі пысықталуда. Қазақстандық тарап тиісті өтінімді жолдады", - делінген Informburo.kz ресми сауалына жолданған хабарламада.

Бұған дейін "Транснефть" Қазақстаннан өтінім түспегенін айтқан болатын.

Қиын геосаяси жағдайға байланысты Еуропа қазір Ресей мұнайын барынша алмастыруға тырысып бағуда, оның ішінде қазақстандық мұнаймен. ҚМГ түсіндіргендей, Қазақстан бұған дейін Германияға мұнай жеткізбеген.

"Германия үкіметі қазақстандық тарапқа "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияның МӨЗ-не мұнай жеткізу туралы өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта мұнайдың бірінші партиясын Германияға 2023 жылғы қаңтарда ("Атырау – Самара" бағыты бойынша және одан әрі "Дружба" мұнай құбыры арқылы) жіберу мәселесі қаралуда", – деп нақтылады Ұлттық компания.

Айта кететіні, ҚМГ Ресейдің қазақстандық мұнайдың өз аумағы арқылы экспортын ұлғайтуға мүдделі екендігіне сендірді.

"Ресей мұнайды тасымалдау және транзиттеу саласындағы Қазақстанның стратегиялық серіктесі, сондықтан қазақстандық мұнай транзитінің көлемін ұйлғайтуда қолдаудан тайынбайды", – деп атап өтті ҚМГ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу