Қазақстан Германияға мұнай жөнелтуді бастады

607

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов мәлім етті.

Қазақстан Германияға мұнай жөнелтуді бастады Фото: egemen.kz

Бүгін, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі Германияға тасымалданатын қазақстандық мұнайды қабылдай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай "ҚазТрансОйл" ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізеді.

2022 жылдың желтоқсанында "ҚазТрансОйл" 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу