Заманауи техника электрдің баламалы көзін пайдалану үрдісіне ие. Алайда энергияның баламалы көздерін көлік өндірісінде қолдану шығынды талап етеді. Соңғы алты айда республика бойынша 19 көлік сатылған. "КазАвтоПром" Қазақстандық атомобильді кәсіпорындар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Олег Алферов қазақстандықтардың электрлік транспортқа қызығушылығының төмендігін оның қымбаттығымен байланыстырды, деп хабарлайды ortcom.kz.
"Естеріңізде болса, биыл "Лада Вест" электрлі көлігінің пилоттық нұсқасын ұсындық. Жобаның тұсауы ЭКСПО-2017 көрмесінде кесілді. Тіпті, ол шетелдік тұтынушыға да сатылып кетті", – деді Олег Алферов Орталық коммуникациялар қызметінде "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы республика автоөндірушілерінің 2017 жылдың І жартысындағы жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференцияда.
Алайда, электрлік автомобильдердің құны қымбат болғандықтан экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сол себепті Қазақстан гибридті автокөліктерге басымдық берген. Гибридті көлік бензинмен және электрлі жүйемен қозғалады. Тұтынушының қалтасына тиімді әрі, қоршаған ортаға зияны жоқ көліктер алдағы жылдары Қазақстанда өндірілмек.