Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын медаль жеңіп алды

399

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды. Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу