Еліміз Грузияның 21 жыл бұрынғы қарызына қатысты құжаттарды қайта қарап, шешім шығарды. Осылайша Грузияның бізге берешек 2,5 миллион доллар қарызы кешірілді. Екіжақты жасалған келісімдерге сай ортадағы қарыз 27,77 млн-нан 25,48 млн долларға дейін қысқарды. Грузия қаржы министрлігінің хабарлауынша 1996 жылы алынған қарыз 2025 жылға дейін толық қайтуы тиіс. Айта кетейік Қазақстан бүгінде аталған елмен ірі көлемде сауда-саттық жасап, инвестиция салып отыр. Соңғы 10 жылда қазақстандық компаниялар Грузия экономикасына 400 млн доллар қаражат құйып, сол елдегі энергетика мен туристік инфрақұрылымды дамытуға күш салған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу