ҰЭМ сататистика комитетінің мәліметінше, 1 сәуірде еліміздегі халық саны 18448,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қалада тұратындар – 10734,2 мың (58,2%), ауылдықтар –7714,4 мың адамды (41,8%) құрады.
Өткен жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға, яғни 1,3 пайыз өскен.
Ең көп өсім Шымкентте болса (52,7 мың адам), одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан мен (50,3 мың адам) Алматы қаласы (49,9 мың адам) тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу