Қазақстан халқы долларды сирек сатып алатын болған

784

Қазақстан халқы долларды сирек сатып алатын болған

2016 жылғы қарашада халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто сатып алу көлемі (сатып алу минус сату) 397,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы қарашадағы деңгейден сәл жоғары (11%-ға), алайда алдыңғы 5 жылдың тиісті айларының мәндерінен айтарлықтай төмен (2010-2014 жылдардағы қарашада орташа алғанда 1,2 млрд АҚШ доллары). Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

"2016 жылғы 11 айда халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы – 1,0 млрд. АҚШ доллары 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы көлемдерден 6,8 есе төмен болды, бұл 15 жылдағы ең төмен көрсеткіш болып табылады. Халықтың АҚШ долларын жалпы сатып алу көлемі 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда екі еседей төмендеуді көрсетті", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу