Қазақстан халқының қанша екені белгілі болды

892

Статистика комитеті ел халқының санын жария етті.  

Қазақстан халқының қанша екені белгілі болды

2020 жылғы 1 сәуірде еліміздегі халық саны 18 690,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

"2020 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18 690,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10 991,5 мың (58,8%), ауылдықтар – 7698,7 мың адам (41,2%) болды", – делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 241,6 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (66,3 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (57,9 мың адам) және Түркістан облысында (29,9 мың адам) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу