Қазақстан халқы қартайып барады

3651

Қазақстан халқы қартайып барады

Белгілі болғандай, соңғы екі жыл ішінде, дәлірегі, 2015−2016 жылдар аралығында еліміздегі әрбір 100 бала жасы 65-тен асып кеткен 26 азаматқа тиесілі болып шыққан. Яғни, индексі - 25,9. Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Айта кету керек, бес жыл қатарынан қартаю индексі кему үстінде, 2009-2014 жылдар аралығында көрсеткіш 28,3-тен 25,7-ге дейін төмендеген. Халқымыздың баяу болса да қартаюы елдегі туу көрсеткішінің төмендеуімен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, туу коэффициенті әрбір 1000 адамға шаққанда 16 аймақтан тек 5 аймақта ғана артқан екен. Соның ішінде, ауылдық жерге қарағанда қалада қартаю көрсеткіші жоғары болып отыр. Мәселен, 2016 жылы 100 балаға 29 қарт болса, бір жыл бұрын индекс 29,2-ні құраған екен. Ал 7 жыл бұрын - 34,1.

Аймақтар бойынша талдағанда, Солтүстік қазақстан облысына қарасты қалаларда қартаю индексі 100 балаға шаққанда 62,2-ні көрсеткен. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиеслі: 0-ден 15 жасқа дейінгі 100 адамға шаққанда жасы 65-тен асып кеткен 14 адамнан келеді екен.

Сарапшылардың айтуынша, Алматыға қарағанда Астана жастар қаласына айналған. Астанада қартаю индексі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 100 балаға шаққанда 15,6 болған. Ал Алматыда бұл деңгей екі есе жоғары - 100 балаға 37 қарт кісіден келеді. Қазақстанның ауылдық жерлеріне келетін болсақ, соңғы 3 жылда халықтың қартаю көрсеткіші артқан: 2012—2013 жылдары 100 балаға шаққанда индекс 21,4 болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 22,4-ті көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу