Халықтың табиғи қозғалысы
2021 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (82,5 мың адам) 6,7% өсіп, 88,0 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,08 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 137,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (118,1 мың адам) қарағанда 16,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,99 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 49,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (35,7 мың адам) қарағанда 38,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,91 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 109 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (916 шетінеген нәресте) 21,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,07 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2 853 адамды, елімізден кеткендердің саны 7 491 адамды, көші-қонның айырымы - 4 638 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 81,7% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,8%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (9 597 адам), Нұр-Сұлтан (7 433 адам), Шымкент (6 710 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (326 адам).