Қазақстан халқы наурыз айында 18,1 мың адамға көбейді – статистикалық мәліметтер

672

2022 жылғы наурызда Қазақстан халқы 18,1 мың адамға өсіп, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 19 млн 178,8 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистикалық бюросы.

Қазақстан халқы наурыз айында 18,1 мың адамға көбейді – статистикалық мәліметтер

Статистика мамандарының мәліметінше, қаңтар-наурызда Қазақстан халқының табиғи өсімі 57 мың 503 адамды құрады (2021 жылдың қаңтар-наурызында – 64 мың 314 адам).

Елдегі демографиялық жағдайдың басқа да сипаттамалары бойынша сәйкес уақыт көрсеткіштері келесідей: бала туу – 95 мың 603 (100 мың 454), өлім – 38 мың 100 адам (36 мың 140).

Сондай-ақ статистикалық бюро 2022 жылғы қаңтар-наурызда республикада 27 437 неке қиылғанын хабарлады (2021 жылғы қаңтар-наурызда – 32 325).Бұл ретте қаңтар-наурызда 4102 ажырасу (4571) тіркелді.

Статистика мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстаннан 5 мың 281 адам (2021 жылғы қаңтар-наурызда 5 мың 519), елге көшіп келгендер – 4 мың 108 (2 мың 66) адам.

Мәселен, статистика мамандарының айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикадағы көші-қонның теріс сальдосы 1173 адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу