Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Жолаушылар айналымы 43,1 млрд жолаушы-километрге жетіп, 12% өсті. Кәсіпорындардың жолаушы тасымалынан түскен табысы 677,5 млрд теңгені құрады.
Жолаушылардың ең көп саны автомобиль және қалалық тасымалдауда (автобус, троллейбус, такси және т.б.) 2025 жылдың алты айында 911,1 млн жолаушы тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,7% артық. Табыс көлемі 221,6 млрд теңгені құрады.
Ал, теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,9% аз. Табыс мөлшері – 66,8 млрд теңге.
Әуе көлігі 7,2 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, 6,1% өсім көрсетті. Әуе тасымалынан түскен табыс 388,7 млрд теңгені құрады.