"Қазақстан халқына" білім саласына қандай қолдау көрсетіп жатыр?

545

Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою бойынша жұмыс жүргізілуде.  

"Қазақстан халқына" білім саласына қандай қолдау көрсетіп жатыр? Фото: Inbusiness.kz

"Қазақстан халқына" қоры еліміздегі білім беру саласына айтарлықтай көңіл бөліп жатыр. Бұл туралы "Jelken Foundation" Қорының Төрағасы Арман Байғаскин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Жобамызға келетін болсақ, Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен өңірдегі ең ірі 50 мектеп таңдап алынып, жаратылыстану мен бастауыш пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігіне арнайы БИЛ тәжірибесін енгізу даярлық курсынан өтті. Сонымен қатар құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесі аталған мектептерге енгізілді. Бұл жобаға Қонаев қаласы, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Қарасай аудандарының білім ордалары қатысты. Осы жобаның жалғасы ретінде білім беру саласында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының арнайы қолдауымен осы мектептерде химия, биология, физика кабинеттері БИЛ стандартына сай жабдықталды", - деді "Jelken Foundation" Қорының Төрағасы Арман Байғаскин.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу