"Қазақстан халқына" қоры білім гранттарын тағайындау бойынша қосымша байқау жариялады

445

18-31 қазанды қоса алғандағы аралықта "Taiburyl" ҚБ сайтында онлайн-өтінімдер қабылданады.

"Қазақстан халқына" қоры білім гранттарын тағайындау бойынша қосымша байқау жариялады Фото: massaget.kz

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттерге білім беру гранттарын тағайындауға арналған қосымша байқау өткізеді, деп жазады inbusiness.kz  "Қазақстан халқына" қорының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратта көрсетілгендей, 18-31 қазан аралығында "Taiburyl" ҚБ цифрлық платформасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер үшін қосымша байқау жарияланады.

Білім беру грантына үміткерлер келесі талаптарға сай болу қажет:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болуы;

2. "Қазақстан халқына" ҚҚ және "Taiburyl" ҚБ лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ комиссия мүшелерімен үлестес болмауы;

3. Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын және келесі тұлғалар болып табылатын студенттер:

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатарынан.

Байқауға қатысу үшін "Taiburyl" платформасында онлайн-өтінімге келесі құжаттарды тіркеу қажет:

1. Үміткердің жеке куәлігінің түрлі түсті көшірмесі;

2. Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт);

3. ҰБТ сертификаты;

4. Орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі/колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерде екенін растайды);

5. Ата-ананың/заңды қамқоршының жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі;

6. Үміткердің ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі;

7. Үміткердің екі ата-анасының соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы;

8. Үміткердің туған (ата-анасы бір) бауырларының мүгедектігін растау туралы анықтама (тек EGOV сайтынан анықтамалар қаралады);

9. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

10. Үміткердің қандас бауырларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

11. Мотивациялық хат (250 сөзден кем емес):

- өзі және отбасы туралы ақпарат;

қызығушылықтары мен хоббилері мен жетістіктері;

- оқу ақысын төлеуге қаржылық көмек қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;

- "неліктен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым?".

12. Үміткердің өмірбаяны (кемінде 100 сөз).

Егер үміткерлер саны грант санынан асып кетсе, 3 байқау өткізу кезінде келесі кезектегілер басым құқыққа ие:

1. Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар жасына қарамастан туған (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері, қарындастары бар ауылдық жерлерден үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер);

2. Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі туған (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері, қарындастары бар үміткер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер;)

3. Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар 18 жастан асқан туыстары (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері, қарындастары бар үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу