"Қазақстан халқына" қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті

516

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті Фото: «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры

"2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге "Сабрил" дәрісі жеткізілді", делінген қор хабарламасында.

Препарат Түркістан облысындағы - 21 балаға, Шымкент қаласындағы - 24 балаға, Павлодар облысындағы - 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы - 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған.

"Сабрил" дәрісі "СвиксБиоФарм" компаниясымен тек алдын-ала тапсырыс беру арқылы сатып алынды.

Өткен жылдан бері "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу