"Қазақстан халқына" қоры мектеп бітіргендер мен студенттерге грант жариялады

891

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2022-2023 оқу жылына гранттар мен стипендиялар тағайындау үшін конкурс жариялады. Мектеп бітірген талапкерлер 10-17 тамыз аралығында, ал ақылы оқитын студенттер 1-15 тамыз аралығында өтініш беруі керек, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қоры мектеп бітіргендер мен студенттерге грант жариялады

Ақпаратқа қарағанда, ауылдық жерлерде аз қамтылған отбасынан шыққандар, жетім және мүгедек балалар, сонымен бірге бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу үшін грант алмаған адамдар қатысса болады.

Ал ақылы бөлімде оқитын студенттерге қор қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 1-15 тамыз аралығында Taiburyl сайтында онлайн-өтінім беру қажет. 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының qazaqstanhalqyna.kz сайтынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу