"Қазақстан халқына" қоры ШҚО-дағы шекаралас ауылдағы тірек мектепті жарақтады

596

Марқакөл ауылы шекаралас аймақта облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан.  

"Қазақстан халқына" қоры ШҚО-дағы шекаралас ауылдағы тірек мектепті жарақтады Фото: qazaqstanhalqyna.kz

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" қайырымдылық бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Марқакөл ауылының №1 орта мектебінде материалдық-техникалық база толығымен жаңартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. Материалдық-техникалық жарақтандырудан басқа, мектептің оқытушылар құрамы оқытудан өтіп, әдістемелік қолдау алады.

Білім ордасының директоры Жарқын Үркімбаевтың айтуынша, мектеп соңғы 15 жылдан бері алғаш рет жаңартылып отыр. Марқакөл мектебінде 420 бала оқиды. Мектеп жобаға енген сәттен бастап айтарлықтай өзгерді. Барлығы 26 оқу кабинеті жабдықталды, STEM-зертхана, телестудия ашылды.

Материалдық базаны жаңарту "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" қайырымдылық бағдарламасы аясында "Қазақстан халқына" қорының қаражатына 250 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу