"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккен 200 үйдің құрылысын қаржыландырады

229

Елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар мен ұйымдар су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуге қатысу туралы мәселелерімен Қорға жүгініп жатыр. 

"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккен 200 үйдің құрылысын қаржыландырады Фото: Inbusiness.kz

"Қазақстан халқына" қоры Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсетуге шақыруын қолдай отырып, ауылдық жерлерде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге 200 үй салуды қаржыландырады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын назарға ала отырып, Қор ұйымның шоттарына түскен қаражатты жинауға және оның ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге дайын екенін хабарлайды.

1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардың барлық ерікті қайырымдылықтары шешімдер негізінде және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен зардап шеккендер үшін ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға жіберілетін болады. Қор донорлар мен аударылған сомалардың мөлшерін көрсете отырып, егжей-тегжейлі есепті жариялайтын болады.

3 сәуірдегі жағдай бойынша Қордың шоттарына компаниялар мен жеке тұлғалардан 630 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық жарналары түсті.

Қайырымдылық Қордың ресми веб-сайтында көрсетілген, қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі 8 қазақстандық банктегі шоттарына қаражат аудару арқылы қабылданады. Жеке тұлғаларға ыңғайлы болу үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында "қайырымдылық" бөлімінде қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу