"Қазақстан халқына" қоры тағы бір қымбат дәріні сатып алды

890

"Қазақстан халқына" қоры қымбат тұратын тағы бір Zolgensma дәрісін сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қоры тағы бір қымбат дәріні сатып алды

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған препарат елде тіркелмеген. Zolgensma дәрісін Қазақстанға Novartis компаниясы жеткізген.

"Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі егілді. Бүгінде бүлдіршін анасымен бірге "Ана мен бала" ұлттық ғылыми медициналық орталығында бақылауда", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу