"Қазақстан халқына" қорына 12 млрд теңге аударылды

1197

Қорға 7 мыңға жуық қазақстандық қаржы аударған. 

"Қазақстан халқына" қорына 12 млрд теңге аударылды

Отандық кәсіпкерлер мен тұрғындар "Қазақстан халқына" қорына 12 млрд-тан аса теңге аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы аталған қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аударылған қаржының 10 млрд теңгесі kaspi bank-ке тиесілі. 

"Заңды тұлғалардан қорға 12,36 млрд теңге түсті. "Қазақстан халқына" қоры арқылы қайырымдылыққа kaspi bank АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, "Халық" қайырымдылық қоры" ЖҚ – 2 млрд теңге, "Степногорск тау-кен химиялық комбинаты" ЖШС – 350 млн теңге және басқа да заңды тұлғалар ақша аударды", – деп жазылған хабарламада. 

2022 жылғы 17 қаңтардағы мәліметке сәйкес, 6,519 мың қазақстандық "Қазақстан халқы" қорына 10,1 млн теңге аударған. 

Айта кетейік, қорға үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері, Президенті әкімшілігі және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдар бір күндік жалақысын аударған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу