"Қазақстан халқына" қорына 12 млрд теңгеден астам қаражат жиналды

1022

"Қазақстан халқына" қорына 12 млрд теңгеден астам қаражат жиналды, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Қазақстан халқына" қорына 12 млрд теңгеден астам қаражат жиналды

Соның 101 миллионын қарапайым азаматтар аударған. Қалғаны елдегі ірі компанияларға тиесілі. Тізімді экрандағы кестеден көруге болады. Қор басшылығы жиналған қаржының толық ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етеміз деп отыр. 

Ақша денсаулық сақтау, әлеуметтік, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мәселелерді шешуге бағытталады.

Бұған қоса қор сирек кездесетін және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына, мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу