Президент: "Қазақстан халқына" қорына біркүндік еңбекақы аудару дұрыс емес

1679

Астанада Тоқаевтың бизнесмендермен кездесуі басталды.

Президент: "Қазақстан халқына" қорына біркүндік еңбекақы аудару дұрыс емес

"Қазақстан халқына" қорына менің шақыруымды қуаттап, қаражат аударғандарыңызға алғыс. Бұл уақтылы істелген әрекет жоғары бағаға лайық. Бірақ формализм мұнда мүлдем болмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлерден біркүндік жалақы жинау басталған. Бұл бастама мүлдем қажет емес. Қордың жұмысы бюрократиясыз құрылуға тиіс. Қордың жұмысы ашық болады. Ірі компаниялар үкімет белгілеген пайыз мөлшерінде қаражат аударып отырады. Ол ақша қайырымдылыққа жұмсалады. Бизнес-қауымдастық тарапынан осы бастама қолдау табады деп сенемін және жобаны іске асыруға көмектеседі деп үміттенемін", – деп атап өтті президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу