"Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандар кімдер?

536

Қордың құрылғанына 2 жыл толды. 

"Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандар кімдер? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қордың ресурстары қайырымдылық жарналары есебінен қалыптасты. Қазіргі уақытта, қорға 196,6 млрд теңге түсті. Оның ішінде, қор екі жыл ішінде жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінде, шығыстар 99,9 млрд теңгені құрап отыр. Бірақ біз бекіткен және іске асырып жатқан жобалардың құны барлығы 177 млрд теңге болды", - деді Болат Жәмішев.

Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" қорына қайырымдылық жасаушылар кім екені де белгілі болды.

"Егер тек 100 млн теңгеден астам ақша аударғандарды алатын болсақ, 196,6 млрд теңгенің ішінде 131 млрд теңгені 60 компания аударды. Оның ішінде 39 ЖШС, 16 АҚ, 5 қор. Негізгі сома қазақстандық кәсіпорындардың есебінен келді. Мәселен, "Самұрық-Қазынадан" 20,6 млрд теңге түсті. Жеке тұлғалардың ірі донорларынан 39 млрд теңге түсті. Сонымен қатар, бізге халықтан да ақша түседі. Жақында, үш компаниядан 500 млн теңге келді. Қызметтің негізгі түрі – құрылыс. Олар осы компаниялардың атауын жарияламауды сұрады. 500 млн теңге балалар мен жастарға протез жасау жобасын іске асыруда пайдалануымыз үшін аударылды", - деп түсіндірді қордың Басқарма Төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу