Қордан әр студент үшін бір академиялық оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде оқу ақысы төленеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен бірге ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.
Өткен жылдармен салыстырғанда стипендия мөлшері 1,5 есеге – 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Биылғы оқу жылында гранттар талапкерлердің үш санатына бөлінді. Барлығы дерлік ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан шыққан балалар.
Оның ішінде:
- 60 грант – жетім балаларға және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- 53 грант – мүгедектігі бар адамдарға;
- 107 грант – 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлерге бұйырды.
Айта кетейік, Қор тарапынан білім беру гранты 2022 жылдан бері бөлініп келеді. Бағдарлама басталғалы 4 жарым мың азамат осындай қолдауға ие болды.
Соның 721-і былтыр оқуын аяқтап, сұранысқа ие мамандықты меңгеруге және кәсіби жолын бастауға мүмкіндік алды.