"Қазақстан халқына" қорынан 4 баланың дәрісіне 3,7 млрд теңге төленді

2758

"Қазақстан халқына" қоры омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Onasemnogene Abeparvovec дәрісін сатып алу үшін 3,7 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қорынан 4 баланың дәрісіне 3,7 млрд теңге төленді

"Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды, әр науқас үшін жеке дәрілік затты өндіру үшін барлық науқастан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда", – деп жазылған қордың сайтында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу