"Қазақстан халқына" қорынан "Цифрлық мұғалім" жобасы қолдау табады

886

Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан халқына" қорының есебінен мүмкіндігі шектеулі және үлгерімі төмен балаларды қолдау жобаларын жүзеге асырады. Бірақ қанша қаражат жұмсалатыны әзірге айтылмады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазақстан халқына" қорынан "Цифрлық мұғалім" жобасы қолдау табады

"Мүмкіндігі шектеулі есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық даму күйзелісі бар балалар үшін 98 арнайы мектеп-интернатқа арнайы жабдықтар алу, білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында 500 мың үлгерімі төмен оқушыларды қолдауға бағытталған "Цифрлық мұғалім" жобасы, мәдени, эмоционалдық тәрбие мақсатында "Балалар және театр" жобасы аясында 500 мың балаға тегін абонементтер беру көзделді", – деді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бүгінгі үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу