Қордың ресми сайтында ескерту жарияланды.
"Құрметті қолданушылар, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертеді, алаяқтар өздерін қордың өкілдері ретінде таныстырады. Олар телефон соғып, өздерін "Қазақстан халқына" қорының қызметкерлері ретінде көрсетіп, жәрдемақы ұсынып, "Қазақстан халқына" қорына жүгінгендер материалдық төлемге ие бола алатынын айтады. Төлемді "алу" үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламада жіберілген кодты жазуды, содан кейін "Қазпошта" АҚ арқылы ақша алуды сұрайды", – деп жазылған хабарламада.
"Қазақстан халқына" қоры "Қазпошта" АҚ арқылы қолма-қол ақшалай төлемдерді тағайындамайды, қор қызметкерлері ешбір жағдайда SMS-код сұрамайды. Алаяқтармен ешқандай ақпаратпен бөліспеңіз және 1414 нөмірінен алынған кодтарды үшінші тұлғаларға бермеңіз.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры
Сондай-ақ, қор мессенджер арқылы бейне-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz (сайтқа сілтеме профильде орналасқан) және атаmekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының сайттарында бірыңғай реестр арқылы қабылданады, мұнда қолданушы өз өтініші жайлы толық ақпарат ала алады.
Қор қаржылық көмек көрсетпейді.
"Біз азаматтардың өсек-аяңға сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатушылықтарына бой алдырмауын сұраймыз", – деп ескертеді қордан.