Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы аптада сырқаттану 31 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан КВИ-ге қарсы екі дозамен вакциналау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында. Оның ішінде ТМД елдері арасында Қазақстан екінші орында тұр, халық санының 44,5 пайызы вакцинамен қамтылған.
"Республикада ПТР-тесттің оң нәтижесімен 984 мыңға жуық жағдай және теріс нәтижесімен 83 мыңға жуық жағдай тіркелген. Науқастардың 96 пайыздан астамы жазылып шықты. 18 852 науқас емдеуді жалғастырып жатыр. Жалпы Қазақстанда соңғы 4 айда сырқаттану 6 есе төмендеді. Репродуктивті саны – 0,9 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады", – деді Жандос Бүркітбаев.