Қазақстан халқының 61%-ы қалада тұрады

848

Бүгін 31 қазан – Дүниежүзілік қалалар күні.

Қазақстан халқының 61%-ы қалада тұрады Фото: voxpopuli.kz

Қазақстан – Орталық Азиядағы ең урбанизацияланған ел. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

"Соңғы деректерге сәйкес, халықтың 61,7%-ы қалалық жерлерде тұрады. Бұл 12 миллионнан астам тұрғын деген сөз", - деп атап өтті бюро.

2022 жылғы қыркүйектегі мәліметтер бойынша, елімізде 2,4 млн-нан астам тұрғын үй тіркелген. Оның 40%-ы қалалық жерге тиесілі (999 396 тұрғын үй).

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, тұрғын үйлердің ең көп саны Алматы (164 мың) және Шымкент (141 мың) қалаларында орналасқан көрінеді.

Ал, Маңғыстау облысының қалалық жерлерінде үйлер саны аз (7 351 тұрғын үй).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу