Мемлекет басшысына халықтың сенім деңгейі тұрақты түрде жоғары қалпын сақтап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
— Мемлекет басшысына деген сенім деңгейі 80,5%. Жастар арасында бұл көрсеткіш 86,4%-ға, ал қазақтар арасында 82,2%-ға жетеді. Әйелдер мен ауқатты топтар да сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Азаматтардың тұрақты сенімі саяси реформалардың, әлеуметтік қолдаудың және экономикалық шаралардың нәтижесімен байланысты болуы мүмкін, – деді ҚСЗИ сарапшысы Гүлназ Қасымова.
Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 66,2%-ы 2024 жылды жақсы көңіл күймен және оптимистік көзқараспен аяқтауда. Көрші елдер мен Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар сияқты жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан тұрғындары өткен жылға оң баға берген.
Фото: ҚСЗИ
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан ел азаматтарының 77,7 пайызы 2024 жылғы Қазақстанның саяси даму бағытын қолдаған. Бұл көрсеткіш ел басшылығының ішкі және сыртқы саяси шешімдері ел тарапынан мақұлдауға ие болғанын көрсетеді.
Фото: ҚСЗИ
Әлеуметтанушы, ҚСЗИ сарапшысы Айгүл Забирова бұндай сауалнама жүргізілерде әуелі жалпы халықтың қанша пайызы жастар, қаншасы орта жас, қаншасы кәрі кісілер екені ескеріліп, сауалнама респонденттері де дәл сол пайыздық пропорциямен іріктелетінін айтады. Осылайша сауалнама нәтижесінің барынша шынайылығы айқындалады.
Фото: ҚСЗИ