Қазақстан халқының саны 161 мың адамға көбейді

474

Бұл жаңалықты Ұлттық статистика бюросы таратты.  

Қазақстан халқының саны 161 мың адамға көбейді Фото: time.kz

Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың саны 20 млн 445 мың адамнан асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық бюроның мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде көші-қон есебінен – 10 200 адам келсе, табиғи өсім – 151 632 адамды құраған. 

Республикадағы қала халқының саны 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы болса, әдеттегідей азайған. Елдемекендерде қоныстанғандар саны – 7,470 млн адам. Жалпы еліміздегі ер адамдардың үлесі 9 млн 993 мыңнан асса, әйелдердің үлесі 10 млн 452 мың 452-ні құрап отыр.

Қазір еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты.

Олар:

  • Алматы қаласы – 2 337 023 адам;
  • Түркістан облысы – 2 148 207 адам;
  • Астана қаласы – 1 612 512 адам;
  • Алматы облысы – 1 586 875 адам;
  • Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу