Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

835

Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3%-ға артық, деп хабарлайды статистика комитеті.

Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 процент, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 процент. Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) өсіп, 150 мың адамды құраған.  Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, былтырғыдан 1% артық.

Көші-қон органдарының ұсынған ақпараты бойынша, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған.

Елімізден кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу