Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті

589

Ел халқының басым бөлігі қалада тұрады.  

Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті Фото: adilettv.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, жазады inbusiness.kz.

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 715,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқының үлесі 61,7% (12 169,1 мың адам) болса, ауылда 7 546,1 мың адам (38,3%) тұрады", - делінген хабарламада.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212,0 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.

Осы жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға 12 926 адам келді. Ал, елімізден 21 875 адам көшіп кетті. Көші-қон айырымы - 8 949 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу