Қазақстан халқының саны 19,7 млн-нан асты

454

Халықтың табиғи өсімі 12 айда 268,8 мың адамды құрады. 

Қазақстан халқының саны 19,7 млн-нан асты Фото: 5region.kz

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, 12 млн 208,2 мың адам қалада тұрса, ауыл тұрғындарының саны 7 млн 556,7 мың адамды құрап отыр.

"Былтыр республикада 403,5 мың сәби өмірге келді. Оның ішінде 208 мыңы – ұл бала, 195,5 мыңы – қыз бала. Ал, 134,7 мың адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады", - делінген хабарламада.

Бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу