Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 19 899 377 адамның 12 317 671-сі – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады. Халықтың жалпы санының 48,8% – ерлер, 51,2% әйелдер құрайды.
Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.
Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.
Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.