Ресми дерекке сүйенсек, халықтың саны 20 478 879 адамға жеткен. Жыл басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. Осылайша 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Халық ең көп шоғырланған өңірлер:
- Алматы қаласы – 2 345 012 адам;
- Түркістан облысы – 2 148 168 адам;
- Астана қаласы – 1 630 640 адам;
- Алматы облысы – 1 592 652 адам.
Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асатын өңірлер қатарына Шымкент қаласы (1 291 011), Жамбыл облысы (1 215 892) және Қарағанды облысы (1 131 438) кіреді.
Ал ең аз қоныстанған өңірлер ретінде Ұлытау облысы – 219 200 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам және Абай облысы – 596 мың адам тіркелген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда өмір сүріп жатыр. Қалалық жерде 13 013 064 адам өмір сүрсе, ауылдық елді мекендерде 7 465 815 тұрғын бар.