Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:
- табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
- көші-қон есебінен – 10 200 адам.
Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:
- Алматы қаласы – 2 337 023 адам
- Түркістан облысы – 2 148 207 адам
- Астана қаласы – 1 612 512 адам
- Алматы облысы – 1 586 875 адам
- Шымкент қаласы – 1 286 087 адам
- Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
- Қарағанды облысы – 1 131 818 адам
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу