Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

1830

Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады. 

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті? Фото: inbusiness.kz

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес елде жаздың басында 20 139 914 адам болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша бес айда қазақстандықтардың саны 100 мыңнан аса адамға өсті.

Еліміздің халық ең тығыз қоныстанған өңірлерінің қатарына Алматы (2 253 502 адам), Түркістан облысы (2 149 210 адам), Алматы облысы (1 543 588 адам), Астана (1 464 415 адам) және Шымкент (1 236 901 адам) кіреді.

Миллионнан аса халқы бар өңірлер қатарына Жамбыл (1 223 457 адам) және Қарағанды облыстары да (1 134 935 адам) кіреді. Ақтөбе облысы да осы шекке жақындады: 1 маусымдағы жағдай бойынша мұнда 943 615 адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни 12 552 583 адам - қала тұрғындары. Маусымдағы дерек бойынша ауылдық жерлерде 7 587 331 адам тұрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу