2 күн бұрын өткен съездерінде бекітілген 52 үміткердің сәйкестігі енді тексерілмек. Партия өкілдері бәрі заң талаптарына сай деп отыр.
"Квоталар бәрі сақталған. Квота бойынша 32,6 проценті әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған. Және 52 адамның құрамында бүкіл республикамыздың барлық өңірлерінен адамдар қамтылып отыр. Сондықтан барлық талап ескерілді деп есептейміз", дейді Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Серікқали Мұқашев.
Ертісбаев неге қорқады?
Бұдан бөлек Қазақстан Халық партиясы мәслихат сайлауына 700-ге жуық кандидат ұсынбақшы. Әзірге олардың тізімі бекітілмепті. Айта кетерлігі, соңғы уақытта осы партиядан бірнеше белді мүшесі шығып, қазіргі төраға Ермұхамет Ертісбаевтың жұмысын сынап кеткен еді. Ертісбаевтың өзі мұны "жаулар мен сатқындарының әрекеті" деп бағалайды екен.